6.03.2019, 12:22
Оқылды: 74

Тасқалада алма бағын өсіру жобасы жүзеге асырылуда

Облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов Тасқала ауданында болып, жергілікті қожалық басшылары және кәсіпкерлермен кездесті.

 sait2

Тасқалада биыл 977 жеке кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Олардың басым бөлігін шағын бизнес өкілдері құрайды. Соның ішінде, шаруа қожалықтары мен серіктестіктер халыққа тұрмыс, тамақ қажеттіліктерін өтеу үшін саудамен айналысады. Шағын кәсіпкерлікті қолдау бағытының бірі - ауыл тұрғындарын микронесиелендіру. Осы бағдарлама аясында ауданның 62 кәсіпкері 252 млн. 990 мың теңгеге несие рәсімдеген.

Жиында инвестициялық жобалар хақында да айтылды. Ауданның Бірлік ауылында «Феррум контракт» компаниясының «Су құю цехы» құрылысы жүзеге асуда. Құрылысы былтыр басталған нысанда бес жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қазір модульдік қондырғылар салынып, ішкі жұмыстар жүруде. Аудан маңынан «Тексас Эдвансд Рисеч Сенте» (Кейін –«ТАРК» ЖШС) «Қойындысы қарқынды алма бағы» атты жобасы жүзеге асырылуда. Оған Деркөл өзені маңынан 176 га. жер телімі берілген. Жобаның  құрылысы кезінде 100 жұмыс орны ашылмақ. Аяқталған соң 70 адамға тұрақты жұмыс орны болады. Жобаның табиғи қуаты 1 760 тонна алма. Татарстанның Ақтаныш ауданының өнеркәсіптік кешені жұмысы хақында ауданда бизнес-инкубатор инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарланған.

Кездесуде қожалық жетекшілері өз ойларын айтып, сауалдарын қойды.

Тұрсын Тек,

Тасқала ауданы

 

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале