27.05.2019, 10:35
Оқылды: 64

Мектептің түлегіне грант тағайындады

 ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі, «Мақсат» медициналық колледжінің директоры, Сырым ауданының құрметті азаматы Мақсот Берген өзі түлеген М.Қаналиев атындағы Алғабас мектебінің бір оқушысына грант тағайындады.

 

dav

Грант иегері мектепте үздік білім алған, медициналық бағытта білім алуға ниеттенген әрі көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен жанұядан шыққан түлектер арасынан таңдалады. Ол кейін «Мақсат» медициналық колледжінде қалаған мамандығы бойынша тегін білім алатын болады.     Студенттің оқу ақысын Мақсот Берген өзінің жеке қаражатынан төлейді.

         Ауылының оқушысына грант тағайындау Мақсот Бергеннің кезекті қайырымдылығы ғана. Осыған дейін де мектептің үздік білім алған оқушыларына Мақсот Бергеннің атындағы арнайы шәкіртақы берілген болатын.

         Жомарт азамат биыл Алғабас ауылына көше спортына арналған құны 500 мың теңгені құрайтын «Street WorkOut» жабдығын орнатып берді.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

dav

dav

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале