28.05.2019, 11:42
Оқылды: 25

Ақсайдағы №3 мектеп жөнделеді

Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов Бөрлі ауданының жастарымен бейресми кездесу өткізді. «Болашақ» коворкинг орталығында өткен кездесуде жастар волонтерлерлік қозғалысты жүйелендіру, қаржыландыру мәселен көтерді. 

 borli (3)

-Мемлекет жастарға сұрағанын беріп жатыр. Ендігі қадам – жастарда. Жалқауланбай, армандап, мақсат қойып, кез келген қиындықты жеңе білуге үйрену керек. Жастар үнемі өздерін дамытып, тіл үйреніп, спортпен де, ғылыммен де айналысуы шарт, - деген облыс әкімі орынбасарының сөзін бөрлілік жастар қолдады.

Оңтүстіктен батысқа келіп жұмысшы мамандықтарын меңгеріп жатқан студенттер жұмысқа орналасудағы қиыншылықтарды айтты. Оның ішінде жергілікті жерге тіркеуге тұру мәселесі тұр. Аталған мәселені назарға алған Ғабидолла Оспанқұлов жауапты басшыларға тапсырма берді.

borli (1)

Ғ.Оспанқұлов 1300 оқушы білім алып жатқан Ақсайдағы №3 орта мектепте де болды. «Жобалау-сметалық құжат екінші мәрте жасалды. Алдымен 2014 жылы құжаттар жасақталып, қаражат көзінің табылмауына байланысты жөндеу кейінге шегерілген болатын. Бірнеше жылдан бергі біздің басты мәселеміз – шатырымыздан су ағады. Өз еңбегімізбен жамап-жасқап жүрміз. Сараптама қорытындысына сәйкес, мектеп екі кезең бойынша жөнделетін болады. Алдымен төбесі мен кәріз құбырлары мен  терезелер ауыстырылады. Еден жөнделеді. Бұл жұмыстарға 348 млн. теңге қаражат қажет. Ал екінші жөндеу кезеңіне 198 млн. қаражат кетеді деп жоспарлануда» - дейді мектеп директоры Надежда Шиганакова.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале