Белгілі айтыскер Дидар Қамиев «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің «Газеттен жасалған үй» атты жобасын қолдап, медициналық пункттің бір бөлмесін мекендеген үш балалы анаға баспана сатып алу туралы ақпаратты өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен еді.
Айтыс ақынының үндеуінен кейін есепшотқа қаражат аударғандар қатары күрт артты. Мұны бір жағынан халықтың Рамазан айында, жұма күнінде, қасиетті Қадыр түнінің қарсаңында жақсылық жасауға асыққаны деп түсінсек, бір жағынан жобаның бүкілқазақстандық қолдауға ие болуына Дидар Қамиевтің де ерекше үлес қосқанын айта кетуге тиіспіз.
Қаражаттың қандай мөлшерде жиналғаны туралы ақпарат «Сырым елі» газетінің осы аптадағы санында жарияланады.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы,
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер