3.06.2019, 17:03
Оқылды: 228

Қошанкөлде дала қызықтары өтті

Халықаралық балаларды қорғау күні және 4 маусым – ҚР Рәміздер күніне орай Қазталов ауданы Қошанкөл ауылында «Балаларға базарлық» атты балаларға арналған дала қызықтары өтті.

 IMG_5222 — копия

Дала қызығы алдымен ту ұстаған аттылардың шеруімен басталып, мемлекеттік рәміздер ұлықталды.

Дәстүрге айналған мерекелік шара ауыл азаматтарының ұйымдастыруымен осымен алтыншы жыл өтуде.

- Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Балаларымыз бейбіт өмір сүріп, жүректерін қайғы мұң шалмаса екен. Қымбатты балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын! - деді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев.

Балалар арасында жаяу жарыс, веложарыс өтсе, қазақтың ұлттық ойындары арқан тартыс пен асық ату мерекенің ажарын аша түсті. Сонымен қатар мерекеге тұспа-тұс келген туған күн иелеріне демеушілер атынан сыйлықтар тарту етілді. Дала қызықтарында балаларға тәтті сусын мен балмұздық сатылып, кәуәптар пісірілді.

IMG_5223 — копия

Қазақтың қанын қоздырар, жал мен құйрығы таралған сәйгүліктер жиналған тай және құнан жарыстары қызықты өтті. Тай жарысы 6 шақырым болса, ал құнан жарысы 9 шақырым қашықтық.

Жарыстың нәтижесінде тай жарысында мәре сызығын бірінші болып «Ақтанау» тайының үстіндегі Ерсұлтан Малаев кесіп өтіп, жүлдеге тігілген велосипедті қанжығалады. «Сұңқар» атты тайды тізгіндеген Бекнұр Бейімбет ІІ орынға ие болса, Батыржан Чапай «Құлагерімен» алғашқы үштікті түйіндеді.

qoshankol (2)

Көрермендердің делебесін қоздырып, тартысты өткен құнан жарыста Нұрсұлтан Баянғали «Тобылғысымен» шабандоздар арасынан оза шапса, «Сарыбалапан» үстіндегі шабандоз Арсен Құбышев екінші орын алып, Қуандық Қасым «Бақторысымен» үшінші орынға жайғасты.

Жеңімпаздарға бағалы және қаржылай сый жасалды.

Ұйымдастыру алқасы және Қошанкөл ауылының тұрғындары алты жылдан бері балаларға осындай мереке сыйлап, демеушілік жасаған бірқатар ауыл азаматына ризашылықтарын білдіріп, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиевтың атынан алғысхат табысталды.

Гүлім Манат,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

IMG_5221 qoshankol (1) qoshankol (4) qoshankol (5) qoshankol (11)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале