«Мерейлі отбасы-2019» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлері, қазталовтық Қарсақовтар жанұясы да бүгін ел тыныштығы үшін өз таңдауын жасамақ.
- Бүгін еліміз үшін, біздің отбасымыз үшін тарихи сәт. Елдің тыныштығын, халқымыздың амандығын, балаларымыздың болашағын ойлап, таңдау жасауға сайлауға бара жатырмыз. Барша қазақстандықтарды айтулы күнмен құттықтаймыз және сайлауға қатысуға шақырамыз, - отағасы Медет Қарсақов.
Айта кетейік, 9 маусым күні 7:00-де Қазталов ауданында ҚР-ның Президенттігіне кандидаттарды сайлау үшін салтанатты түрде 48 сайлау учаскесі ашылды. Аудан орталығы Қазталов аулындағы №219, №220 №258 сайлау учаскелеріне сайлаушылар келіп, өз таңдауларын жасап жатыр.
Аудан орталығындағы №219 сайлау учаскесіне алғашқы боп дауыс беруге келген Гүлжиян Идрисова апамызға сайлау учаскесінің төрағасы сыйлық табыс етті.
Қайрат Жақып
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz