21.06.2019, 17:04
Оқылды: 63

Үш балалы анаға баспана сатып алынды

«Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің бірер ай бұрын «Газеттен жасалған үй» атты жобасы аясында Сырым ауданы Көгеріс ауылындағы медициналық пункттің жалғыз бөлмесінде тұратын үш балалы анаға баспана сатып алу ұсынысын көтерген болатын. Жанашыр адамдардың арқасында газеттің арнайы ашқан есепшотына осы күнге дейін 685 000 теңге жиналды.

dav

dav

Көгеріс ауылындағы Желтоқсан көшесі №20 үйді «Сырым елі» газеті 300 000 теңгеге сатып алды. Төрт бөлмелі баспана Сырым ауданындағы нотариус арқылы үйдің иесіне Гүлнәр Мұхамбетованың атынан Гүлмира Шакированың атына заң жүзінде рәсімделді. Үйді салтанатты тапсыру шарасы журналистер күніне орай жоспарлануда.

Егер үйдің құжаттарын түзету жұмыстары уақыт алмағанда, бұл қуанышты оқиға бұдан да ертерек орын алатын еді. Дегенмен, жедел қимылдап, жұмыстың анабір созылып кетуіне мүмкіндік бермеген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ жер кадастры және техникалық тексеру департаментінің Сырым аудандық бөлімі, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы және аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі қызметкерлеріне мың алғыс.

Гүлмира Шакированың жаңа баспанасына «Сана - Строй» ЖШС-ның директоры Армат Төлегенов төмендетілген бағамен газ желісін тартып береді. Құны 350 000 теңге болатын жұмысты серіктестік 200 000 теңгеге орындамақ.

Артылған қаражатты газет келесі бір мұқтаж адамның игілігіне жұмсамақ. Ол туралы кейінірек жазатын боламыз.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале