10.07.2019, 17:01
Оқылды: 75

Ғали Есқалиев Кеңащы су жүйесі құрылысымен танысты

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Сырым ауданындағы Кеңащы жер асты су кен орнынан ауыз су тарту жүйесінің құрылысының жобасымен танысты.

 su (4)

Жоба іске асқан жағдайда Жымпиты және Өлеңті ауылдарында тұратын 6599 тұрғынды сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтуға мүмкіндік туады.

Сонымен қатар Кеңащы су жүйесі алдағы уақытта ауыз су зәрулігін тартып отырған Шағырлой, Бұлан, Жамбыл, Қособа және Жырақұдық ауылдарына таза ауыз су жеткізуге мүмкіндік береді.

Құрылыс құжатында су желісінің ұзындығы 76,9 шақырым деп көрсетілген. Жобаның құны – 2, 398 млрд. теңге.

Бауыржан Ширмединұлы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале