11.07.2019, 16:24
Оқылды: 90

Компьютерлік сауаттылық курсын 1700 адам оқиды

Теректі ауданында 15 шілде күні тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа оқыту курстары басталады.

33biZ1Up 

Өткен жылы ауданның Подстепное, Ақжайық, Федоров ауылдарындағы мектеп жанында жүргізілген курста 300-ге тарта теректілік компьютермен қарапайым жұмыс жасауды меңгеріп, мемлекеттік қызметті электрондық түрде алуды үйренді.

Биыл аудан аумағын түгел қамтыған оқыту кезінде 1700 адам компьютерлік сауаттылығын ашады деп жоспарланған. Оқыту мектеп жанында, 15-24 шілде аралығында өтеді.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале