Жақында Қазан қаласында таэквондодан (GTF) Еуропа чемпионаты өтті. Әлемнің 26 елінен 600-ге жуық спортшылар қатысқан додаға оралдық спортшылар да қатысып, бақ сынап қайтты.
Солардың бірі Әлия Ақдаулетова қос бірдей алтынды қанжығасына байлап, олжалы оралды. Жас таэквандошы Әлия 14-16 жастағы спортшылар тобында 65 келіге дейінгі салмақта массоги бағдарламасы (спарринг) және фулл-контакт түрі бойынша алтын алқаны жеңіп алды. Таэквандошыларды чемпионатқа бастап барған бапкер Нұрхан Мерханұлының айтуынша, командалық жарыстарда да спортшылар тамаша нәтиже көрсеткен. «Бұдан бұрын да халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанып жүрген жас спортшы Әлия Ақдаулетованың шығар биігі алда» дейді бапкер.
Өз тілшіміз
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің
Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер