"Қате аяқ астында" дегендей, 48 жастағы оралдық азамат абайсызда қалдық суларға арнап қазылған тереңдігі 2,5 метр шұңқырға құлап кеткен екен.
БҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ жедел-құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Л.Әбдірахманованың айтуынша, оқиға орнына келген Жедел-құтқару жасағының №2 құтқару бөлімшесінің құтқарушылары альпинистік жабдықтар мен құтқару орамасының көмегімен зардап шегушіні шұңқырдан алып шыққан.
Зардап шеккен адам медициналық жедел жәрдем бригадасына табысталды. Оқиғаның мән-жайын учаскелік полиция инспекторы анықтады.
Құтқару операциясына Жедел-құтқару жасағы жеке құрамының 4 құтқарушысы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
zhaikpress.kz