Орал қаласындағы №2029 әскери бөлімінде өткен кезекті жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығуы адамдар көп жиналатын нысандағы өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің нысан әкімшілігі мен қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау, эвакуациялау жоспарына сәйкес адамдарды ғимараттан шығаруды ұйымдастыру мақсатын көздейді.
Оқу-жаттығу шарты бойынша, әскери бөлімнің екінші қабатында қысқа тұйықталу нәтижесінде жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрайтын заңгердің бөлмесінде "өрт" шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 40-қа жуық адам шығарылды.
Бірнеше минуттан кейін шартты өрт орнына келіп жеткен бірінші бөлімшенің сарбаздары зардап шеккендерді құтқаруға кірісті. №6 және №5 өрт сөндіру бөлімдерінің құтқарушылары 8 зардап шегушіні өрттен аман "алып шықты".
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуына 6 негізгі, 2 арнайы техника бірлігі, 1 жол полициясы экипажы, 1 аппараттар медицина орталығы және 2 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу барысында нысан күзеті мен өрт сөндіру қызметінің өрт сөндіру бөлімшелерінің өзара іс-қимылы пысықталды. Оқу-жаттығу барысында көздеген міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізілді.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі
zhaikpress.kz