21.08.2019, 12:14
Оқылды: 55

Бәйтеректе бос орындар жәрмеңкесі өтті

Бүгін Бәйтерек ауданы орталығындағы Достық үйінде аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен педагогикалық мамандықтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

 бос орын 1

-Жәрмеңкеге қазақ тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып, математика, дене шынықтыру, педагог-психолог, тарих және тағы басқа мамандықтар бойынша 50-ге жуық жас маман мен жұмыс іздеп жүрген педагог қатысты.

бос орын

Жәрмеңке барысында мамандар пән бойынша ортаға шақырылып, өздерін таныстырғаннан кейін мектеп басшылары білім ордаларына қажетті мамандарды нақтылады, - дейді аудандық білім беру бөлімі аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлжиян Хамитқызы.

Айта кету керек, қазіргі таңда 30 шақты маманның сұранысы қанағаттандырылды.

Ертай Бимұханов,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале