Сырым ауданы орталығында дәстүрлі әнші, термеші Бүкілодақтық телевизиялық байқаулардың лауреаты Амангелді Ғұбайдуллин атындағы дәстүрлі ән сыныбы ашылды.
Салтанатты шарада Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов жиылған жұртшылыққа, әншінің жары Балсекер Махметоваға, бала-келіндеріне құттықтауын жеткізді.
Дәстүрлі ән сыныбының салтанатты ашылуында лента қию құрметі әншінің жары Балсекер апа мен Есберген Әжібаевқа бұйырды. Балалар саз мектебінің жас өнерпаздары да өнерлерін ортаға салды. Амангелді Ғұбайдуллин жайлы жанында жүрген достары, шәкірттері сағынышпен еске алып, жұртшылықпен бөлісті. Шара соңында жиналған қонақтар орталық алаңдағы Қадыр Мырза Әлінің ескерткішіне гүл қойды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер