Теректі ауданындағы Донецк ауылында бірден екі нысан іске қосылды.
Жергілікті қожалық басшысы Мерболат Жанғалиев ауылына медициналық пункт сыйлады. Ол өзінің үйін медпунтке лайықтап жөндеген.
Нысанның ашылуында аудан әкімі Әділ Жоламанов:
-Туған жеріне, алтын ауылына деген сүйіспеншілігін тап осындай ісімен көрсеткен Мерболат Жарылғасымұлына алғыс айтамын. Осы іс басқа да кәсіпкерлерге үлгі болып, ауылдастарына жақсылық жасар жомарт жандар көп болар деген үмітім бар. Теректінің әр ауылынан елім деген ер шықсын! Қоныстой басқаларға да жұғысты болсын,-деп тілегін білдірді.
Енді ем-домды ауыл ішінде алатындығына қуанған ауыл тұрғындары Мерболат Жарылғасымұлына ризашылықтарын білдіріп, жаңа орында қан қысымын өлшетіп, екпе алып та үлгерді.
Камелия Өтеу
Теректі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер