1.10.2019, 16:32
Оқылды: 16

Теректіде дәрігерлер жетіспейді

Бұл туралы БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов хабарлады.

Adil Zholamanov

-Ауданда денсаулық сақтау саласында 2 аурухана, 2 отбасылық денсаулық орталығы, 6 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 32 медициналық пункт, 65 кереуетті тәуліктік стационар, 117 кереуетті тәуліктік күндізгі стационар қызмет етеді. Барлығы 48 дәрігер, 247 орта медициналық қызметкер жұмыс жасайды. Басты мәселе – маман тапшылығы. Ауданға 15 дәрігер қажет (акушер-гинеколог, хирург, жалпы тәжірибелі дәрігер, эндокринолог, реабилитолог, онколог, офтальмолог, психиатр, УДЗ дәрігері). Медициналық жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандармен алдын ала жасалған келісімдер бойынша, биыл ауданға 7 маман дәрігер келді, - деді Ә.Жоламанов.

Тағы бір айта кетерлігі, биыл медицина мекемелеріне 4 санитарлық көлік алынған. Дәрігер қабылдауына жазылуға арналған Web портал және k-vrachu.kz мобильді қосымшасы жұмыс жасайды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале