«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында Теректі ауданында бірқатар ірі жобалар жасалған.
-Биыл Теректі ауданы бойынша 15 ауылдық округте демеуші, меценат, мектеп түлектерімен 14 жоба жүзеге асырылуда.
Долинное ауылдық округіндегі Чапаев мектебінің 2018-2019 оқу жылы қорытындысы бойынша үздік ұстаздары мен оқушыларына меценат Сағидолла Еркебаев 1 000 000 теңге грант тағайындады. Аудан орталығында кәсіпкер Сержан Идиятов дәл осындай 1 200 000 теңгеге грант тағайындады.
Донецк ауылында кәсіпкер Мирболат Жанғалиев бос тұрған ғимаратты медпунктке бейімдеп жөндеп, жерлестеріне сыйға тартты, - деді Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер