1.10.2019, 17:13
Оқылды: 20

Теректі ауданында 9 шаруашылық күннен қуат алып отыр

Бұл жайлы Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте айтты. «Жел арқылы электр қуатын алатын 2 қондырғы орнатылды. GPS, электронды бақташы біздің малшылар үшін үйреншікті іске айналды»,- дейді аудан әкімі.

kun

-Биыл 138,7 мың гектарға егіс салынды. Оның ішінде дәнді дақыл 60,8 мың, майлы дақыл 22,533 мың, мал азығына 54,4 мың, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 900 гектарға себілген.

Далалық жұмыстарға арзандатылған, литрі 165 теңгеден жанар-жағар май көктемгі егістікке 2470 тонна, күзгі жиын-терімге литрі 179 теңгеден 2000 тонна бөлінді. Шаруалар 37 жаңа техника сатып алды. Оның 10-ы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке алынды. «Тұлпар LTD» ЖШС биылғы жылы қосымша шынжыр табанды, толық компьютермен жабдықталған JohnDeere сатып алды,-деді аудан әкімі Әділ Тауфиқұлы.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале