Бұл жайлы Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте айтты. Әкімнің айтуынша, қазір ауданда 1647 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Олардың ішінде 1433-і белсенді қызмет жасайды.
-Жаңа бизнес құруға деген керемет мүмкіншіліктер барын көрген, мемлекеттік қолдауды сезінген теректіліктер кездесер қиыншылықтардан қорықпай, өз істерін ашуға іркілмей кіріседі.
Өз ісін бастауға талаптанған кәсіпкерлерге қолдау ретінде 3 млн. теңгеге дейінгі мемлекеттік инновациялық гранттар берілуде. 2019 жылы біздің ауданнан «Tour West Kaz» ЖК 2,5 млн.теңге инновациялық грант алды. Ол туризм саласында экскурсиялар жүргізумен айналыспақшы,-деді аудан әкімі.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер