Сырым ауданы Аралтөбе ауылында қыркүйек айының 28 мен қазан айының 3 аралығында асық ату, арқан тарту, дартс, граната лақтыру, үстел теннисі, волейбол, эстафеталық жарыc секілді спорттың 7 түрінен мекеме қызметкерлері арасында дәстүрлі күзгі спартакиада өтті.

Спартакиадаға «Әкімшілік ұжымы», «Мектеп ұжымы», «Мәдениет үйі ұжымы» командалары қатысты. 2 аптаға созылған тартысты ойынның нәтижесінде жалпы командалық есепте І орынды 220 ұпаймен «Мектеп ұжымы» иеленді. ІІ орынды 195 ұпаймен «Мәдениет үйі ұжымы» командасы, ІІІ орынды 185 ұпаймен «Әкімшілік ұжымы» командасы бөлісті.

Барлық жекелей және командалық есептегі жеңімпаздар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Рашид Байыров
Сырым ауданы
