8.10.2019, 11:30
Оқылды: 90

Сырымда жер телімін мақсатына сай пайдаланбай отырған 5 шаруашылық анықталған

Биыл Сырым ауданында егілген 6 328 гектар жаздық дәнді дақылдар алқабынан 3 906 тонна өнім алынып, шығымыдылығы 6,5 центнерді құраған. Майлы дақылдар 2 475 га. егіліп, ору жұмыстары басталды. Сонымен қатар біржылдық екпе шөптер – 1698 га, жерге егіліп, 3 682 тонна өнім алынды, шығымдылығы 21,7 центнер.

-Мал қыстақтарына дайындық жұмыстары толыққанды жүргізілуде. 2019-2020 жылдың қыстағына барлығы 139,0 мың тонна мал азығы дайындалып, жоспар 93,4% орындалды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 426 шаруашылық пайдалануда. Жер телімін мақсатына сай пайдаланбай отырған 5 шаруашылықтың 13 509 гектар жер учаскесі анықталды. Заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекет қорындағы ауданның бос жерінен 13 575,0 гектар жер учаскесі жеке тұлғаларға конкурс арқылы берілді, -деді Сырым ауданы әкімі Т.Төреғалиев БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында.

Айта кетейік, zem.kz порталында 23,364 га. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі орналастырылған. Оған қоса республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тас жолының бойында 5 жер телімі аукционға шығарылған.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале