8.10.2019, 11:45
Оқылды: 65

Сырым ауданында жыл басталғалы 221 бала дүниеге келген

Бұл жайлы Өңірлік коммуникация қызметі өткізген брифингте Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев мәлімдеді.

-Сырым ауданында жыл басталғалы 221 бала дүниеге келді. Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында диагностикалық цифрлық флюорографиялық аппарат сатып алынды. Ал Қособа, Қосарал ауылдарының дәрігерлік амбулаториялары жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілді.

Жыл соңына дейін диагностикалық рентген аппаратын алу жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау саласына биыл 2 дәрігер және 2 орта білімді медицина қызметкері жұмысқа орналасты, - дейді Т.Төреғалиев.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале