Ресей Федерациясының Чебоксары қаласында WKC каратэдан Ресей кубогі үшін Х жарыс өтті.

Оған Ресейдің 15 өңірінен бөлек, Қазақстаннан да жерлестеріміз қатысып келді.
-700-ге жуық спортшы қатысты. Байрақты додада командалық кумитэда Әділет Бержанов І, санбон кумитэдан Дамира Неткалиева ІІІ, иппон кумитэдан Анель Нұрболат ІІІ орын алды, - деді олардың бапкері Фархад Жалмурзин.

Айта кетейік, Әділет пен Анель қарашада Сербияның астанасы Белград қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындық үстінде.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер