29.10.2019, 10:24
Оқылды: 34

Шыңғырлауда жаңа жоба басталмақ

Тамызда өткен «Нұр Отан» партиясының саяси кеңсесінде «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Нұр Отан партиясының 7 серпіні» бағдарламасы ұсынылды. Аталмыш бағдарлама тапсырмаларын орындау мақсатында Шыңғырлау аудандық филиалы «Нұр Отан» партиясы партиялық кадрлық резервін қалыптастыру жобасын бастамақ. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев жергілікті БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

 IMG_1883

Мұрат Мұқаев кадрлық көрсеткіштерге, өзге де әлеуметтік, экономикалық даму көрсеткіштерге сүйене отырып, облыс бойынша «Нұр Отан» партиялық кадрлық резервін қалыптастыру пилоттық жобасы Шыңғырлау ауданынан басталатынын мәлімдеді.

 - Шыңғырлау ауданында партияның кадрлық резервіне іріктеу басталады. Іріктеудің негізгі мақсаты - ядролық электоратты қалыптастыру. Ядролық электорат - бұл партияның белсенді мүшелері. Партия ұйымдары төрағалары мен белсенділері жергілікті жердегі барлық ахуалмен таныс, халықпен кері байланыс орната білетін саяси лидер болуы керек. Ел арасынан беделді, іскер, сыйлы, білімі мен тәжірибесі мол азаматтар мен азаматшалар қатарынан резерв жасақтау арқылы жаңа жоба еліміздің әлеуметтік-саяси өміріне жаңалық әкеледі. Бұл жобаның ерекшелігі тек партиясы мүшелері ғана емес, «Нұр Отан» партиясына қосылуға ниет білдірген өзге азаматтар да сайлана алады, - деді Мұрат Рахметұлы.

Іріктеуге Шыңғырлау ауданының аумағында тұратын, 20 жастан асқан, бұрын сотталмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Партия резервіне қатысу үшін ең бастысы, «Nur Otan» партиясының сайтында «Партиялық кадрлық резерв» бөлімінде тіркеліп, қатысу үшін өтінішін беру қажет. Соңынан сайтқа қажетті құжаттарды жүктеу тиіс. Өтінімдер 2019 жылдың 28 қазан мен 4 қараша аралығында қабылданады.

– Облыс бойынша осы пилоттық жоба Шыңғырлау ауданынан басталғаны үлкен жауапкершілікті жүктейді. Ауданда 12 бастауыш партия ұйымы бар. Қазіргі уақытта ұйым мүшелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аймақтық резервке үміткерлерді іріктеу жұмысы басталды, - дейді «Нұр Отан» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Бәйтенова.

Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале