30.10.2019, 17:18
Оқылды: 27

Ардагерлер тартысты ойын көрсетті

Сырым ауданы орталығы Жымпитыда Ұлы жеңістің 75 жылдығына арналған ардагерлер арасында асық ату, қол күресі және дойбыдан аудан біріншілігі өтті.

 syrym (3)

«Қайсар» спорт клубы және аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен спорттық шараға 12 команда қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Салауат Нұрпейсов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Күні кеше ғана Кипрдің Лимасол қаласында спорт шеберлері арасында өткен самбодан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған жерлесіміз Ғанимат Жұбашевты «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатын және спорттық костюм табыс етті.

syrym (1)

Ал жарыс қорытындысында асық атудан Ж.Жұматов, қол күресінен 70 келіге дейін салмақта К.Жұбанғалиев, 70 келіден жоғары салмақта Б.Азбергенов, дойбыдан Н.Жұмағалиевке І орын бұйырды. Командалық есепте І орынды Қособа, ІІ орынды Бұлдырты, ІІІ орынды Жымпиты ауылының командалары еншіледі.

Айжан Бауыржанқызы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале