29-30 қазан күндері Румынияның Константа қаласында қол күресiнен жас жеткiншектер мен жасөспiрiмдер және қыздар арасында ХХХХІ әлем чемпионаты өтті.
Қаратөбелік Ержан Ерболатұлы жасөспірімдер арасында 50 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.
Жарыс нәтежиесінде 3 қазақстандық додада топ жарды. Соның бірі қаратөбелік Ержан Ерболатұлы. Оның жеке бапкері Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қол күресі үйірмесінің жоғарғы санатты жаттықтырушысы Нұрқат Нысанов.
Ержан финалға дейін сенімді жеңіске жетіп, финалда Қырғызстан елінің спортшысынан басым түскен.
Бапкерінің айтуынша, Ержанның дайындығы өте жоғары деңгейде өткен.
– Үздіксіз еңбектің және жаттығудың арқасында жеткен жетістік. Ержан алдына мақсат қоя білді және сол мақсатына жетті. Қол күресіне алғаш 2016 жылы келді. Бүгінгі күнге дейін бірнеше дүркін облыс жеңімпазы, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігне үміткер, Азия чемпионы, ҚР чемпионы атанған еді,- дейді Нұрқат Есенжанұлы.
Гаухар Феликсқызы
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер