14.02.2015, 8:10
Оқылды: 31

Қырық жылдан кейін ЖӨНДЕЛГЕН ҒИМАРАТ


Биылғы жыл қазталовтық тәртіп сақшылары үшін қуанышты жаңалықпен басталды.


Бой көтергеніне қырық жыл болған аудандық ішкі істер бөліміне күрделі жөндеу жүргізілді.

- Ғимарат талапқа сай жөнделді. Бұл жұмыстарды Оралбек Өтепов жетекшілік ететін «ОралЖилСтрой» ЖШС сапалы орындап шықты. Бөлмелер кеңейтіліп, тәртіп сақшыларының арнаулы қызметтеріне сәйкес жаңартылды. Учаскелік инспекторларды қоспағанда, бөлімдегі 48 тәртіп сақшысының алаңсыз жұмыс жасауларына жағдай туғызылып отыр, - дейді аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі  Бекбол Уртаев. 


 

Сонымен қатар қызметкерлер 12 автокөлікпен қамтамасыз етіліп, өткен жылы ауданаралық  жол полициясы қызметкерлері үшін тағы бір көлік алынған. Қараоба, Қайыңды, Қазталов ауылдық округтеріндегі учаскелік инспекторларға қызметтік үй де берілді. Тұрғындары көп Жалпақтал ауылының көшелеріне аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға 3 бейнебақылау орнатылған.

Бұл жайттар Елбасымыздың Жолдауында айтылған қоғамдық тәртіпті сақтауды нығайту міндеттерінің нақты орындалып жатқа-нын көрсетеді.


 

Гүлфия КӨШБАЕВА,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале