19.11.2019, 16:32
Оқылды: 480

Қошанкөл ауылындағы мектепте « Жас сарбаз» кабинеті ашылды

Қазталов ауданы Қошанкөл ауылдық округіндегі Ғали Бегалиев атындағы мектепте "Жас сарбаз" әскери-патриоттық кабинеті ашылды. Оған 4 млн. 800 мың теңге жұмсалған.

qaztalov (4)

Әскери-патриоттық тәрбие беретін арнаулы сыныпқа 6-сынып оқушыларынан 21 жас сарбаз қабылданды. Олардың өзіндік гимні, бірыңғай киім үлгісі дайындалған.

qaztalov (3)

Сыныпты ашу рәсімі Қазталов ауданы әкімі Альберт Есалиев пен ұзақ жылдар мектепте қызмет еткен ардагер ұстаз, "Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері", "Аға мұғалім" атағының иегері, еңбек ардагері Дина Қабышеваға берілді.

Одан кейін "Жас сарбаз" сыныбы оқушыларының автоматты бұзып жинаса, 8-сынып оқушылары әскери-саптық жаттығулар көрсетті.

qaztalov (1)

- Біздің мақсатымыз - жастарға патриоттық тәрбие беру арқылы еліне адал қызмет ететін ұрпақ дайындау. Республика бойынша өткізіліп жатқан бұл шараның жас сарбаздарға берері мол , -дейді Ғали Бегалиев атындағы мектептің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі, "Жас сарбаз" сыныбының жетекшісі Елжан Мақсотұлы.

Диана Бақсық

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале