Жақында Алматы қаласында ҚР Тәуелсіздік күніне және КСРО, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР еркін және грек-рим күресінен бірнеше дүркін жеңімпазы, КСРО спорт шебері Ұлығат Өтешов Жұмаханұлын еске алуға арналған еркін күрестен 2005-2006, 2007-2008, 2009-2010 және 2011-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық жарыс өтті.
Бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам палуан қатысты. Екі күнге созылған турнир қорытындысында жаңақалалықтардың қанжығалары майланып, ауданға олжалы оралды.
Атап айтсақ, қызылобалық жаттықтырушы Армат Тасқайыров шәкірттері Амангелді Әбілмансұр 32 келі салмақта күміс жүлдені еншілесе, 35 келі салмақта белдескен Мирас Тасқайыр қола жүлдеге ие болды.
Ауданға жүлделі оралған балғын палуандардың жаттықтырушысы Армат Тасқайыров Қызылоба ауылдық округінің әкімі Нұржан Серікбайұлына, Е.Орақбаев атындағы мектептің директоры Теміржан Серікұлына шынайы ризашылығын, қаржылай қолдау көрсеткендері үшін ауылдас ағалары Айдар Еспембетов, Бекболат Жағыпаров, Нұрхан Бердіғалиев, Нұрлан Жұмағазиевқа арнайы алғысын білдіреді.
Алтынбек Ермекқалиев
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер