28.11.2019, 17:01
Оқылды: 172

Ретро әндер шырқалды

Сырым аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Алмаз Жұмагелдиевтің бастамасымен Жымпиты да "Ретро әндер" атты концерт өтті.

syrym retro (2)

Қазақта "Вальстің королі" атанып кеткен Шәмшінің "Тамды аруын" Бекей Қанатов нақышына келтіріп орындады. Кеште "Белые розы" деп шырқайтын Шатуновты, "Лаванда" деп әуелететін София Ротаруды да көргендей болдық. Әншілердің образдары мен сазды үндері керемет үйлесім тапқандай.

syrym retro (11)

Күні кеше ғана қорытындыланған "JAIYQ JULDYZY" телевизиялық байқауының жеңімпазы Қанат Төлепқалиев "Қуанышым менің" әнімен халықты қуантса, аудандық Сырым колледжінің оқытушылары құдды "Beatles" тобының әнін орындады. Образ да актёрлық шеберліктері де жоғары деңгейде.

 Кеште лоторея да ойнатылып, сыйлық берілді.

Айжан Амангелдина

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале