Қазталов ауданы әкімі Альберт Есалиев жұмыс сапарымен Қоныс ауылының тұрғындарымен кездесті.
-Қазталов ауылдық округіне қарасты Қоныс елді мекенінде алты кқше бар. 312 адам тұрады. Бүгінде 13 шаруа қожалық, 2 жеке кәсіпкер жұмыс жасауда, -деді Қазталов ауылдық округінің әкімі Жүсіп Шакуов.
Жиында тұрғындар ауыз су, ауыл ішілік жолдарды жөндеу, интернет жүйесін күшейту, мектепті күрделі жөндеуден өткізу, медпунктке фельдшер қажеттігі, көше шамдарының толықтай жануы, пошта қызметін реттеу секілді мәселелерді алға тартып, ұсыныстарын білдірді.
- Әрбір ауыл, елді мекен назардан тыс қалмайды. Көтерілген мәселелер біртіндеп шешіледі. Ол үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып бірлесіп еңбек етейік, - деді аудан әкімі.
Кездесуден соң аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Диана Бақсық
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер