4.12.2019, 18:20
Оқылды: 20

Жаңақалалықтар Қазталовтан жүлделі оралды

Жуырда Казталов ауданының Жалпақтал ауылында Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушысы Нұрлан Қажиақпарұлы Қауменовтің жүлдесіне орай жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық турнир өтті.

janaqala (3)

Жыл сайын өтетін аталмыш жарыстың тізгінін ұстаған Қазақ күресінің Батыс Қазақстан облысындағы бас бапкері, Нұрлан Қажиақпарұлының төл шәкірті Асқар Нұрғалиев осы жарыстың бас төрешісі атанды.

Облыстық турнирдің көркін қыздырған жас палуандардың айтулы жарысы жоғары деңгейде өтті. Оны қызықтаған күрес жанкүйерлерінің де делебелері қозып, залдың ішін қиқуға бөледі. Намысты додадан жаңақалалық спортшылар жүлделі келді.

Боз кілемде талай мықты бақ сынаған турнирде Жаңақала ауданының Сарыкөл ауылының Абай атындағы мектептің оқушылары жүлделі оралды. Атап айтар болсақ, жерлесіміз Дарын Ержанұлы III орынды иеленсе, боз кілемде қарсыластарының барлығының жауырын жерге тигізген, өңірге танымал күрес жаттықтырушысы Еслямғали Елеуғалиұлының шәкірттері Амангелді Шыңғыс, Асанәлі Абайұлы, Ибраһим Қуаныш жүлделі І орынды жеңіп алды.

Шыңғыс Ромашев

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале