Төрт түлік мал өсіріп, оның пайдасын көріп отырғандар Қазталов ауданында да баршылық. Солардың қатарына «Жәңгір» шаруа қожалығының иесі Қайыржан Стамғазиевті жатқызуға болады. Біз жақында шаруа адамымен тілдескен едік.
- Біз бұрыннан қолдағы аз малымызды бағып, өзіміше шаруамызды сайлап жүрдік. Бірақ, аз малмен алысқа бармайтының анық. Алдымызда шаруамызды кеңейту мақсаты тұрды. Аллаға шүкір, шаруа өз ретімен жүріп келеді. Мемлекет тарапынан берілетін көмектің де пайдасы аз емес. Қазірдің өзінде «Агрокредит» агралық несие корпорациясы арқылы 59 млн. 380 мың теңгенің несиесін рәсімдедік. Сол қаражаттың 40 млн. теңгесіне асыл тұқымды 100 ақ бас сиыр алсақ, қалған 19 млн. 380 мың теңгеге 2 трактор, 1 шөп буатын, 1 шабатын, 1 жинайтын техника сатып алдық. Сонымен бірге 5 асыл тұқымды бұқамыз бар. Осынау малды өсіру үшін Қарасу қыстағынан жер алынып, мал тұратын шарбақ пен қора салынды. Қыстақ шетінен бөгетте қазылды, жемшөп те жеткілікті-, дейді шаруашылық жетекшісі бізбен әңгімесінде.
Стамғазиевтер әулетінің бүгінгі еңбек тынысы осындай.
Қайрат Жақып
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер