2003-2004 және 2006-2007 жылы туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан Қазталов ауданының ашық біріншілігі өтті.
Жарысқа Қайынды, Көктерек, Тереңкөл және Бірік білім беретін мектептерінің, аудандық орталық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің және аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командалары қатысты. Жиында Қазталов мектеп-лицейінің директоры Нұрлан Жасқалиев сөз алып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Сонымен аталмыш доп додасында, яғни, 2003-2004 жылғы туған жасөспірім қыздар арасында үшінші орынды Тереңкөл мектебі, екінші орынды аудандық орталық балалар жасөспірімдер спорт мектебі иеленсе, жүлделі І орын аудандық орталық балалар жасөспірімдер спорт мектебіне бұйырды.
Ал 2006-2007 жылғы және одан кіші туған жасөспірім қыздар арасында 3 орынды Бірік мектебі, 2 орынды Тереңкөл мектебі иеленсе, жүлделі 1 орынды аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Жалпақтал) жеңіп алды.
Сондай-ақ Альбина Есенгалиева мен Айманай Ерсайынова «Үздік допты ойынға қосушылар», Назира Наурызбаева мен Томирис Асылбекова «Үздік байланыстырушылар», Ранида Бержан мен Карима Нұржанова «Үздік тосқауыл қоюшылар»,» Аягөз Ескакова мен Аягөз Қадержанова «Үздік шабуылшылар, Махаббат Серікова мен Маргарита Вологина «Үздік ойыншылар» номинациясымен марапатталды.
Диана Медетқызы
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер