11.12.2019, 11:51
Оқылды: 78

Саз мектебі концерт өткізді

 

Қазталов аудандық мәдениет үйінде Қазталов балалар саз мектебінің «Жас толқын» ұлт аспаптар оркестрінің «Ғасырлар сазы» атты есеп беру концерті өтті.

qaztalov (3)

Халқымыздың рухани қазынасын, өнерін дамытып, музыканы сырлы сазына елітіп, мәртебесін асқақтатып жүрген оркестрдің концерті мерекелік көңіл-күймен басталып, көрермендер ыстық ықыласпен қарсы алды.

Кеш шымылдығын өнерпаздар Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйімен ашты. Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әні ерекше әсер қалдырды. Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі күмбірлете шертілді. Мұнымен қоса, оркестрдің сүйемелдеуімен Құрманғазының күйі «Саранжап», Ықыластың «Жез киік», Біржан салдың «Көкек», Н.Тілендиевтің «Құстар әні», «Әлқисса», Ш.Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» атты ән-күйлері орындалды.

qaztalov (2)

Айта кетейік, «Жас толқын» оркестрінің репертуарында 20-ға жуық күй бар. Сонымен қатар ұлттық музыка өнерін ұлықтап, рухани мұраны асқақтатып жүр.

Облыстық «Жас музыканттар» байқауының лауреаттары «Жас толқын» оркестрі «Илегай» және халық әндерінен попури орындап, кешті қорытындылады. Есеп беру кешінде әсем әндер мен сазға толы күйлер өнер сүйер қауымды әсерлі күйге бөледі. Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы сахна төрінен табылып, Қазталов балалар саз мектебінің директоры Жадыра Тілеубаеваға және ұжымға алғыс білдіріп, өнерпаздарға шығармашылық табыс тіледі. Болашақта үлкен сахналарда өнер көрсетулеріне сенім білдірді.

 

Диана Бақсық

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале