9.10.2015, 13:09
Оқылды: 27

Зерденің төрінде

Akjayik Zerdenin torinde    Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта Ішкі істер бөлімі ғимаратында Ұлы Отан соғысына қатысушы, КСРО Ішкі істер министрлігінің үздік учаскелік милиция инспекторы, Милиция үздігі Хасан Сұлтанғалиевқа арналып ескерткіш тақта ашылды.

Х.Сұлтанғалиев 1925 жылы ауданның Есенсай ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қаңтар айынан бастап Украина, Белорусь, Прибалтика майдандарында неміс фашистеріне қарсы кескілеген шайқастарға қатысқан. 1950 жылы әскерден босатылған соң оның ішкі істер органындағы дамылсыз да жауапты ұзақ қызмет жолы басталады. Жеңіс сарбазы облысымыздың Теректі, Тайпақ аудандық ішкі істер бөлімдерінің учаскелік жедел уәкілі, кейін Чапаев аудандық ІІБ-нің аға учаскелік милиция инспекторлығында абыройлы еңбек етті, халықтың қошеметіне бөленді, ондаған ізбасарды тәрбиелеп шығарды.

Көптеген жауынгерлік және еңбек медальдарының, «І дәрежелі Отан соғысы», «ІІІ дәрежелі Данқ» ордендерінің иегері Хасан Сұлтанғалиев бүгінде арамызда жоқ болғанымен, оның кейінгіге өнегелі ғұмыр жолы жұртының жүрегінде, зерденің төрінде. Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Әділ Жоламанов, БҚО ІІД кадр жұмысы басқармасының бастығы Жанболат Мусадиев, БҚО бойынша «Ұлттық ұлан» ардагерлер кеңесінің төрағасы Жайлыба       й Адаев осы жайында әңгімеледі. Хасан ағаның ұлы Асхат Сұлтанғалиев Ұлы Жеңіс сарбазына, халық құрметіне бөленген әкеге осындай тағзым үшін отбасы атынан риясыз ризашылығын арнады.

Осы күні Х.Сұлтанғалиевты еске алуға арналып «Жастар» спорт алаңында шағын футболдан жарыс өтті.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале