Отбасында бірлік, татулық болмағандықтан ерлі-зайыптылар ажырасып, нәтижесінде балалар қиындық көруде. Әрине, отбасы шырқының бұзылуына екеуі де кінәлі. Атам қазақ «Үйлену оңай, үй болу қиын» дейді ғой. Ажырасу одан да қиын.
Белгілі бір заңдылық нормаларын айтпағанда, психологиялық салдары да өте ауыр. Бірақ соған қарамастан жастар ажырасуда. Артынан төленетін алименті тағы бар. Тұрақты жұмысының жоқтығынан алимент төлей алмайтын әкелер көп. Осы бір қоғамдағы кеселді мәселеге орай аудан прокуроры Нұрлыбек Мұсағалиевпен тілдестік.
Прокурордың айтуынша, жыл басынан 200 балаға алимент төлеушілердің саны 115 болса, қазір борышкер 73 адам. Берешектері 50 млн. 146 мың теңгеге жеткен. Соның 16-сы аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тіркелсе, 21-і жұмыс жасап, алиментін уақтылы төлеуде. Атап өткеніміздей, аудан бойынша алимент төлеушілердің жалпы саны 73 адам болса, 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 4 адамға алимент өндіру жөнінде қылмыстық іс қозғалса, 1 адамның үстінен қылмыстық іс қаралып, жауапкершілікке тартылған.
Осындай тасбауырлар ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабымен 2 жылғадейінгі мерзімге бас бостандығы шектеледі не сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 669-бабы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде не 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.
Әсем Болат
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер