Қаланы абаттандыру, университет қалашығын көркейту мақсатында БҚАТУ-дың бас қақпасы заманауи үлгіде жаңартылды.
Салтанатты ашылу рәсіміне оқытушылар мен студенттер қатысып, университет түлектері: облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеев, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Мұқаев және қала әкімі А.Шыныбеков, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсе жетекшісі С.Тұманбаева қатысты.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеев аталмыш құрылыс нысанының оқытушылар мен студенттердің жетістікке ұмтылу талпынысын арттыратын атап өтсе, университеттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Бозымов оқу ордасындағы жаңалықтар мен жетістіктер туралы айтты.
Университеттің жаңа брендін қалыптастыратын, мәдениеттің бастауы – қалашық қақпасының ашылуынан соң жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шарада қала әкімі А.Шыныбеков мерекемен құттықтап, жаңа жылда жаңа табыс пен жемісті еңбек тіледі.
Айта кетейік, жаз мезгілінде университет аумағында білім алушыларымен қатар қала тұрғындары, қонақтары демалып, қыдыра алатын, бір емес, екі субұрқақты алаң бар. Жаз шыға жастар, Зачаган кенті аумағындағы тұрғындар серуендей алады.
Жайнагүл Сағидоллақызы,
Жәңгір хан университетінің
медиа орталығының маманы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер