27.12.2019, 13:50
Оқылды: 183

Балалар қуанышқа бөленген күн

Сырым аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде аудан әкімінің жаңажылдық шыршасы өтті. Шыршаға мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғалған,  оқуда үздік 60 оқушы қатысты.

syrym (3)

Шарада аудан әкімі Төлеген Төреғалиев бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, балаларға тәтті сыйлықтар табыс етті. Балақайларға арналып «Күлшеқыз» ертегісі қойылып, ондағы мысық, тышқан сияқты кейіпкерлер балаларға әдемі көңіл күй сыйлады. Тышқандар ортаға Ақшақарды шақырып, «Ыстық орындық» ойынын ойнатты.Көзіне көзілдірік киген, заманауи әнге билеп шыққан Аяз ата да қызықты болды.

syrym

Кеште Аяз атаға үздік хат жазған оқушылар анықталды. М.Қаналиев атындағы  орта мектептің  оқушысы Медет Бердіғали, Бұлан орта мектебінің оқушысы Айназым Рақымжан, Жырақұдық орта мектебінің оқушысы Саян Амангелдінің тілектері қабыл болып,сұраған сыйлықтарытабыс етілді. Аяз атадан халықаралық ән байқауларының лауреаты Бекей Қанатовқа  ұқсап, онымен дуэт айту арманы екенін жазған  Ж.Досмұхмедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің оқушысы Тимур Құрматовқа  демалыс орталығы директорының орынбасары Б,Қанатов микрофон сыйға тартты.

Аудан әкімінің шыршасына қатысқан балаларға Аяз ата атынан тәтті сыйлықтар үлестірілді. Шыршадан соң балалар «Мерей» мейрамханасында ұйымдастырылған тәтті үстелге қатысты.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале