6.01.2020, 16:22
Оқылды: 48

БҚО-да МӘМС арқылы 636 мың тұрғын сақтандырылған

Орал қаласына келген ҚР Парламент Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев облыс орталығындағы бірқатар медициналық нысанды аралап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жүзеге асырылу барысымен танысты.

deputat (3)

Сенаторлар алдымен Орал қалалық көп бейінді ауруханасына барып, заманауи үлгідегі медициналық аппараттардың жұмыс істеу барысын бақылады. Айта кетсек, ауруханада нейро-инсульт орталығы, жалпытерапиялық, травматологиялық, гинекологиялық, әйелдер босанатын және басқа бөлімшелер жұмыс жасауда. Шаһарда жалпы төрт магниттік-резонанстық томография болса, біреуі осы ауруханада орнатылған.

Аталмыщ аурухананың сәулелі диагностика бөлімінің меңгерушісі Берсугуровтің айтуынша, МРТ құрылғысы адамның жүрегінен басқа дене мүшелерін тексере алады. Әсіресе, мидың ісігі мен инсульт дертін ерте сатыда анықтауға мүмкіндік зор. Мұндағы МРТ аппараты облыс тұрғындарына қызмет көрсететін санаулы құрылғының бірі болғандықтан, аппарат күніне 20-ға жуық науқасты қабылдайды екен. Сондай-ақ депутаттар компьютерлік диагностика құрылғыларының заманауи жабдықталғанына көз жеткізген соң өңір дәрігерлерінен МӘМС аясындағы жұмыстарды пысықтады.

deputat (8)

-2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгені белгілі. Оған сәйкес тұрғындар екі түрлі медициналық пакет бойынша көмек алады. Яғни биылдан бастап кепілдендірілген медициналық көмекпен бірге қосымша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жүреді. Соңғысы азаматтардың арнайы шотына жиналған қаржы есебінен жүзеге асырылады. Ал кепілдендірілген көмекті Үкімет қаржыландырады. Облыс бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылған халық саны 97,1 пайыз болып отыр. Оның ішінде мүгедектер, ҰОС ардагерлері, зейнеткерлер, алтын, күміс алқа алған аналар, үш жасқа дейін баламен отырғандар 337 мың адам. Олар кепілдендірілген медициналық көмек алады. Жұмыс жасап жүргендер санаты бойынша 228 мың адам кепілдендірілсе, өз-өзіне, яғни жеке кәсіпкер, шаруа қожалық иелері 45 мың болып отыр. Осылардың барлығын қосқанда облыстағы 636 мың тұрғын медициналық сақтандырылып, 97,1 пайызды құрап отыр. Әр адам емханаға, ауруханаға барған кезде жеке құжаты арқылы базадағы статусын анықтап, соған сәйкес қызметтерді ала алады, - деді облыстық әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Нұржамал Жұмағұлова.

deputat (7)

Содан соң депутаттар жұмыс сапарын Орал қалалық №5 емханада жалғастырды.

Бұл емханада МӘМС аясында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған емдеу денешынықтыру кабинеті, сенсорлық бөлмесі ашылған. Науқастарға тегін уқалау, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға әртүрлі қызметтер спектрі бойынша оңалту және бейімдеу тәрізді қызмет түрлерін - орталықтың психолог, логопед, дефектолог, мейірбике, невропатолог, педиатр, терапевт, психиатр, еңбек жөніндегі нұсқаушы және емдік дене шынықтыру мамандары көрсетеді. Кешенді көмек ұйымдастыру әрбір баланың жеке тұлғасының қалыптасуына бағдарланған. Емхана директорының медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Гүлара Умарованың айтуынша, сенсорлық бөлмеде мүмкіндігі шектеулі сәбилер мен балалардың саусақ ұшы маторикасына жаттығу жасап, тірек-қимыл қозғалысын дамыту бойынша барлық мүмкіндіктер жасалған. Сондай-ақ мұнда ата-аналарға мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс жасаудың әдіс–тәсілдері мен үй жағдайында жұмыс жүргізу жайлы кеңес беріледі.

deputat (1)

-Біздің Ақ Жайық өңіріне келгендегі басты мақсатымыз – 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген МӘМС-тің жүзеге асырылу барысын білу. Бүгінгі күнге дейін республика бойынша 700 мыңға жуық тұрғынның МӘМС аясында статусы анықталмаған. Соған орай олар осы жылдың екінші тоқсанынан бастап медициналық пакеттер бойынша қызмет ала алмайтыны белгілі. Бірінші тоқсан бойынша анықталған статусына қарамастан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қызмет алуға мүмкіндік беріліп отыр. МӘМС жүйесінің тиімділігін тұрғындарға жіті түсіндіруіміз керек. Медициналық сақтандырылған жүкті келіншектер мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер стоматологиялық қызметті тегін ала алады. Қазірден бастап жалдамалы жұмысшылар МӘМС бойынша статусын анықтап, жұмыс берушілерінің жарна аударып тұрғандығын тексергендері жөн, - деді сенатор Нариман Нөреғалиев.

Сондай-ақ ол медициналық қызметтің мінсіз болуы қажеттігін жеткізді

 

                                                                        Гүлсезім Бияшева

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

deputat (2) deputat (4) deputat (5) deputat (6) deputat (9) deputat (10)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің

 Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале