Сырым аудандық білім беру бөліміндегі кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен "Денсаулық" спартакиадасы өтті.

Волейбол мен үстел теннисінен өткен сайысқа 19 команда қатысты.
Жалпы командалық есепте І орынды Қ.Мырзалиев атындағы мектеп, ІІ орынды Бұлдырты мектебі, ІІІ орынды Ж.Досмұхамедов атындағы мектептің бастауыш кәсіподақ ұжымы жеңіп алды.
Волейболдан І орынды Бұлдырты мектебі, ІІ орынды А.Жұмағалиев атындағы мектеп, ІІІ орынды Қособа мектебі иеленді.

Аралтөбе және Қ.Мырзалиев атындағы мектеп ұжымы командалық аталымдарға ие болды. Сондай-ақ жеке аталымдарға Р.Қайырғалиев (Бұлдырты), Д.Кадыров (А.Жұмағалиев атындағы мектеп), А.Умиртаева (Қособа) ие болды.
Үстел теннисінен ерлер арасында І орынды Мұрат Лұқпанов иеленсе, әйелдер арасында І орынды Гүлшат Хуснутдинова алды.
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер