28.01.2020, 10:38
Оқылды: 279

Сырымдық оқушылар Бақытжан Құралбайұлымен кездесті

Батыс Қазақстан облыстық орталық мешітінің найб имамы, белгілі ислам ұстазы Бақытжан Құралбайұлы Сырым ауданындағы Ж.Досмұхамедов атындағы мектептің «Жаһанша төрінде!» жобасының қонағы болды.

dav

Шараға «Сырым» деструктивті секталардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, теолог Жасқанат Ерсайынов, ақын, журналист, «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Бауыржан Ширмединұлы қатысты.

dav

Имамның оқушылармен өткен кездесуінде негізгі әңгіме –отанды сүю, уақытты берекелі пайдалану және көркем мінез жайында өрбіді.

-Біздің жеткен жетістігіміз үшін шынайы мақтанатын, бізге қызғанышпен қарамайтын екі адам бар. Бірі – ата-ана, екіншісі – ұстаз. Ата-ана мен ұстазды тең құрметтеу үшін осының өзі жетіп жатыр. Білім алуды, еңбек етуді қиынсынып, сол үшін тұтас өмірді қиын деп жатамыз. Еңбектің ауыры болмайды. Ауыр еңбек – уақтылы жасалмаған жеңіл жұмыстардың жиынтығы. Уақытты берекелі пайдалануды адам бала күнінен бастау кере, - деді Бақытжан Құралбайұлы.

dav

Кездесудің соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мәншүк Бахитова мейманға алғыс білдіріп, оқушылар атынан естелік сыйлық тапсырды.

М.Айташев

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале