Бүгін Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин тұрғындар алдындағы есеп берді.
Есепті кездесуге облыс әкімі Ғали Есқалиев, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов және тиісті облыстық басқарма басшылары мен облыстық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Есепті кездесуден бұрын өңір басшысы аудан орталығында салынып жатқан 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын көрді. Сметалық құны 350 204 111 теңге болатын аталмыш құрылыс биыл 15 мамыры күні аяқталуы тиіс.
Облыс әкімі құрылыс басында мердігер «Жаиксельстрой» ЖШС-ның басшылығы және жұмысшыларымен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Жұмыстың жоспарға сай жүріп жатқандығын айтқан құрлысшыларға Ғали Нәжімеденұлы сын-ескертпелер айтып, құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды.
Н.Ғаббас
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер