Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев халық алдында есеп берді.
-Ауданда 1388 шағын кәсіпкерлік нысаны тіркелген болса, соның 1321-і жұмыс жасауда. Бұл саладан бюджетке 38,6 млн. теңге түсім түсіп, 1876 адам жұмыспен қамтылды. Аудандық кәсіпкерлікті дамытудың картасы бойынша 2019 жылы 32 жоба жоспарланған болса, соның 23-і ісін бастап, дәл қазір құны 60 млн. 240 мың теңгеге 10 жоба жүзеге асты, - дейді.
Аудан әкімі есебінде халық саны 28 987-ге жетіп, 537 сәби дүниеге келгендігін баяндады.
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице в Instagram и нашем Telegram-канале