Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысында ар мен намысты ту еткен батырлар рухына тағзым ету, қазақстандықтардың ерен ерліктерін бағалай білу мақсатында жас ұрпақ бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыра отырып, оларды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу бүгінгі күнгі басты міндеттердің бірі.

Осыған орай, Сырым ауданында шаңғы туризмін насихаттау, оның техникасы мен тактикасын меңгеру және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында 30 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Бұлдырты-Қарақұдық-Көгеріс-Амансай -Жымпиты маршруттары бойынша 74 шақырымды қамтитын шаңғы жорығы ұйымдастырылды.
Аудандық «Жас туристер станциясы» мекемесінің әдіскері Ерлан Ескабулов жетекшілік еткен бұл жорыққа Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп жанындағы «Атамұра» туристік-өлкетану және Х. Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің «Жас эколог» үйірмелерінің оқушылары қатысты.

Айта кетелік, оған күнілгері дайындық жұмыстары жүргізіліп, жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен кездескен қиындықтарды жеңу жолдары оқушыларға түсіндірілді. Әрі туристер жорық кезінде өлке тарихына қатысты материалдар жинақтап, суретке де түсті. Осылайша қызыққа толы жорық сәтті аяқталды.

Нақтырақ айтсақ, маршрут Сырым ауданының төрт елді мекені арқылы өтіп, Жымпиты және Бұлдырты ауылдық округтері территориясын қамтыды.
Сырым аудандық
"Жас туристер станциясы"
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер