Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 29-бабына сәйкес, конкурстық комиссия отырысының 2020 жылғы 17 ақпандағы №7 хаттамасы негізінде облыс әкімі Ғали Есқалиевтің 2020 жылғы 20 ақпандағы №52-ө өкімімен Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы болып Сайран Темірғалиұлы Дүйсенов тағайындалды.
Дүйсенов Сайран Темірғалиұлы – 1962 жылы 3 мамырда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Пятимар ауылында дүниеге келген.
1985 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтын «Физика және математика мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтап, 2013 жылы - Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы «Қараөзен» совхозы №2 бөлімшесі «Балауса» комсомол бригадасының мүшесі болып бастаған.
22.08.1980-17.07.1985 жылдары Орал педагогикалық институтының студенті;
15.08.1985-01.10.1989 жылдары Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданының еңбекке оқыту бойынша аудандық білім бөлімінің инспекторы;
02.10.1989-19.05.1990 жылдары Батыс Қазақстан облысы Фурманов аудандық комитеті ЛКЖО (ЛКСМ) ІІ хатшысы;
20.05.1990-09.02.1992 жылдары Батыс Қазақстан облысы Фурманов аудандық комитеті ЛКЖО (ЛКСМ) І хатшысы;
10.02.1992-08.07.1992 жылдары Батыс Қазақстан облысы Фурманов аудандық комитетінің Қазақстан Жастар одағының І хатшысы;
08.07.1992-16.01.1995 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал ауданының жастар, туризм және спорт комитетінің төрағасы;
16.01.1995-18.08.1997 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі;
20.10.1997-11.02.1999 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық білім беру бөлімі әдістемелік бөлімінің әдіскері;
11.02.1999-21.07.1999 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Мендалиев атындағы орта мектептің психолог-әдіскері;
19.07.1999-29.08.2000 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі;
28.08.2000-26.02.2001 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы;
26.02.2001-03.01.2002 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық-саяси даму бөлімінің бас маманы;
03.01.2002-15.11.2002 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас маманы;
15.11.2002-08.06.2004 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы;
09.06.2004-14.05.2005 жылдары Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы әкімінің орынбасары;
20.05.2005-11.09.2006 жылдары «Ақ Орда» қоғамдық бірлестігінің Республикалық қозғалысының Батыс Қазақстан филиалының атқарушы директоры;
11.09.2006-01.10.2007 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданы әкімінің кеңесшісі;
01.10.2007-23.06.2013 жылдары Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы;
24.06.2013-25.04.2017 жылдары Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
25.04.2017-29.05.2018 жылдары Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары;
29.05.2018-жылдан бастап күні бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер