М.Есламғалиев атындағы Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен аудандық «Демалыс орталығының» ұйымдастыруымен жазушы, журналист Бақтығұл Ойшыбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Жаны жайсаң журналист» атты еске алу кеші өтті.
Кешке Б.Ойшыбаевтың немере інісі Мағауия Ойшыбаев, қарындастары Нұржамал, Айнагүл Ойшыбаевалар, «Сырым елі» аудандық газетінің ұжымы, Сырым аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов, аудан ардагерлері, Б.Ойшыбаевпен қызметтес болған Дана Қыдырғалиева, Махмет Қажиахметов, Мүсірбек Айташев, Темірболат Құспанов қатысты.
Шараны Жымпиты халық театрының режиссері Сәндібек Өтеғалиев жүргізіп, Б.Жұмашұлы туралы «Қаламы жүйрік жазушы» атты кітап көрмесі, өмірі мен шығармашылығы туралы бейнефильм көрсетілді.
Жазушы-журналистің көзін көрген қонақтар – әріптестері мен туыстары әсерлі естеліктерімен бөлісіп, жазушы жайында сыр шертті.
Шынар Молданиязова
Суреттерді түсірген Айжан Амангелдина
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер