24.02.2020, 18:19
Оқылды: 51

«Әлем таныған Ұлы Абай»

Аудандық мәдениет үйінде өткен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған шара дәл осылай аталды. Оған аудан әкімі Асхат Шахаров, жекелеген бөлім-мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері және аудан тұрғындары қатысты.

Абай 1

Мерекелік шара аудан әкімінің құттықтауынан кейін  «Шежіре» фольклорлық ансамблінің Абайдың «Торжорға» күйін орындаумен жалғасын тапты. Одан әрі  «Ақ ниет» әжелер ансамблі мен «Калинушки» вокалды ансамблі «Көзімнің қарасын», аудандық мәдениет үйінің әншілері «Айттым, сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Жаз» сынды ақынның шығармаларын  орындаса, мектеп оқушылары ақын өлеңдерін оқыды.

Абай 2

- Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мәдени-көпшілік шаралар мен тақырыптық кештер жыл басынан бастау алды. Ал бүгінгі кеш сол игі шараның салтанатты ашылуы. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар тек аудан орталығы емес, ауылдық округтерді де қамтиды. Сол кештерде міндетті түрде Абайдың әндеріне де кезек берілмек.  Сондай-ақ, биыл өлкемізде  мерейтойлардың  тізбесі көп қой. Соған байланысты  Ұлы Жеңіс күніне арналған шығармалар   және  Жұбан Молдағалиев пен Қадыр Мырзалиевтің сөздеріне жазылған әндер де осы шығармашылық  кештерде орындалмақ, - дейді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ықыласов.

                                                                          Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ

                                                                                   Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале