26.02.2020, 11:12
Оқылды: 46

Бөрліде мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтуде

Бөрлі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде желтоқсан айында мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиаданың аудандық іріктеу кезеңі басталған болатын.

sport (1)

Бұған дейін іріктеудің II кезеңі өткізілген болса, бүгінде ІІІ кезеңі де нәтижелі аяқталды. Аталған спартакиадаға «Барыс» (аудан әкімінің аппараты және Ақсай қаласының әкімінің аппараты), «Бөрлі арландары» (коммуналдық блок), «Алтын Орда» (әлеуметтік блок), «Қыран» (ауылшаруашылық блок және мәслихат), «Айбын» (Бөрлі, Пугачев, Қанай, Қарақұдық ауылдық округтері), «Солтүстік» (Приурал, Успен, Жарсуат, Бумакөл ауылдық округтері), «Оңтүстік» (Кеңтүбек, Ақбұлақ, Қарағанды, Ақсу, Александров ауылдық округтері) деп аталатын 7 команда қатысып, спорттың арқан тарту, дойбы, тоғызқұмалақ түрлерінен бақ сынады. Нәтижесінде өзара мықтылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен алғысхаттар табысталды.
sport (3)

– Спартакиаданы өткізудегі мақсатымыз – салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру. Ең бастысы – мемлекеттік органдар арасында өзара ынтымақтастық болуы қажет. Себебі елдің дамуы жолында аянбай тер төгуде және оларға барынша жағдай жасалуда. Қуанарлығы, уақыттың аздығына қарамастан, мемлекеттік қызметшілер уақыт тауып осындай жарыстарға белсенді қатысуда, деді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов.

sport (5)

Іріктеудің соңғы IV кезеңі алдағы сенбіде отбасылық эстафета, жүзу, баскетбол сынды спорт түрлерінен өтеді.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале