Теректі ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Қазына» орталығында ерекше балалар мен аналарды Алғыс айту күніне орай жинап, онда аталмыш бөлім басшысы Арайлым Тасенова мен «Мүгедектер ерікті қоғамы» бірлестігінің аудандық филиалы төрағасы Серік Ашықбаев оларға өздерінің үлкен ризашылықтарын білдірді.
Өз кезегінде ерекше балалар асыл аналары мен қамқорлап жүрген әлеуметтік қызметкерлерге алғыстарын айтып, Қуанғали Кенжебай анасына арнаған өз өлеңін оқып берді. Тағы бір өнерлі қос бүлдіршін Лаура Қаламғали мен Айсұлтан Ақмурзин да жырдан шашу шашса, Жұлдыз Хабділхалық ана туралы әнді қалықтатты.
Соңында жиналған ұл-қыздар аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын ұсынып, тәтті дастархан жайылды.
Камелия Өтеу
Теректі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер